Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік маңызы бар нысандардың ұзаққа созылған құрылысы мәселелерін шешуге бағытталған ұзақ мерзімді құрылыс нысандарын сүйемелдеу жобасының іске асырылуы туралы есеп берді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы қазаннан бастап елімізде 87 аяқталмаған нысанның құрылысы аяқталды.
Пайдалануға берілгендер:
- Мыңдаған балаға білім алуға мүмкіндік беретін 20 мектеп;
- Көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға арналған тұрғын үйді қоса алғанда, 12 тұрғын үй;
- 9 спорт нысаны;
- 8 мәдениет және демалыс мекемесі;
- 4 медициналық нысан;
- 4 көпір;
- 3 балабақша;
- 26 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз еткен сумен жабдықтау жүйелері.
Аяқталған нысандардың ең көп саны Павлодар облысында (14), одан кейін Ақтөбе (10) және Қызылорда облыстарында (8). Астана, Түркістан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында 6 нысаннан пайдалануға берілді.
Мысалы, СҚО Сергеевка қаласында үш жылдық күтуден кейін бастапқыда 2022 жылы пайдалануға берілуі жоспарланған 27 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал санаттарына берілді.
Қостанайда ұзақ кідіріспен 45 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Атырау облысы Сарытоғай ауылында сегіз жылдан кейін 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.
Павлодар облысында Күркелі, Баянауыл және Шұға ауылдарында су құбырлары пайдалануға беріліп, 400-ден астам үй таза сумен қамтамасыз етілді.
Ведомствоның бақылауында 152 ұзақ мерзімді құрылыс нысаны қалып отырғаны атап өтіледі. Биылғы жыл ішінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде тағы 15 нысанды аяқтау жоспарлануда.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоаралық комиссиялардың 30 отырысын өткізді, ал еріктілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері проблемаларды бақылау және жою үшін 87 рет жергілікті жерлерге шықты.
Фонд-бюро расследования коррупции