Алматыда Қытайдан контрабандалық жолмен тауарлар әкелу және аса ірі көлемде жалған шот-фактуралар жазу ісі бойынша үкім шығарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, «Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, ҚХР-дан халық тұтынатын тауарлары бар 100 контейнерден астам жүкті заңсыз әкелген.
Сондай-ақ, іске қатысты адамдар өздеріне бағынышты кәсіпорындар – он ЖШС – арқылы жалған шот-фактураларды ресімдегені анықталды.
ҚҚС, корпоративтік табыс салығы (КТС) және кедендік баждарды төлемеуге байланысты залал 10 млрд теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекетке 643 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Сот сондай-ақ құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға және күдіктілердің 300 млн теңге сомасындағы мүлкіне тыйым салды.
«Сонымен қатар, Серіктестіктің 47 контрагент-кәсіпорны ерікті түрде өзара есеп айырысуды тоқтатып, 240 млн теңге көлемінде салық төледі», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты іске қатысты адамдарды кінәлі деп танып, оларға мүлкін тәркілей отырып, 1,4 жылдан 4,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыскерлердің бірі халықаралық іздеу жарияланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палатада (ЖАП) Қазақстан таңбаланатын тауарлар саны бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) басқа елдерінен кем түсетінін хабарлады. Атап өтілгендей, елде әлі күнге дейін өнімді таңбалаудағы басымдықтарды анықтайтын бекітілген әдістеме жоқ.
Фонд-бюро расследования коррупции