Алматыда көлік құралдарын заңсыз есепке қоюмен айналысқан қылмыстық топ анықталды.
Polisia.kz деректері бойынша, топ мүшелері көліктердің бірегей кодтарын өзгертіп, жалған құжаттар бойынша автокөліктерді тіркеген.
«Жедел іс-шаралар нәтижесінде VIN-кодтарды өзгерту жөніндегі жасырын цехтың жұмысы тіркелді. Заңсыз есепке қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полицейлер арнайы ЦОН қызметкерлерінің және «делдалдар» деп аталатын адамдардың қылмыстық схемаға қатыстылығын анықтады.
«Бір дропперге 50-ге дейін автокөлік ресімделген. 17 адам ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. ҰАҚ қауіпсіздік қызметімен бірлескен тексеру жалғасуда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Алдын ала келтірілген залал 320 млн теңгеден асты. Құқық қорғау органдары алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты өзгерту және көліктердің сәйкестендіру нөмірлерін жалғандау фактілері бойынша 17 қылмыстық істі тергеп жатыр.
Еске салайық, сәуір айында Қостанай облысының ҚММ департаменті 83 ауыр жүк көлігін оларды алғашқы тіркеу үшін алым төлемей есепке қою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Мемлекетке келтірілген залал 591 млн теңгені құрады.
Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдегі Арнайы ЦОН-дарда автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Ведомство қызметкерлері дәйексіз деректерді енгізіп, жалған құжаттар берген.
Мамыр айында Астанада шетелден алымдар мен төлемдерді төлемей әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан Арнайы ЦОН қызметкерлері, полиция қызметкерлері және азаматтар сотталды.
Шілде айында ҚММ қызметкерлері Павлодар облысында алыс шетелден келген автокөліктерді заңсыз тіркеген адамдар тобын анықтады. 2021 жылғы маусымнан тамызға дейін күдіктілер Павлодар облысында 150 жүк көлігін заңсыз алғашқы есепке қоюды жүзеге асырған.
Қазан айында Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеуге күдікпен Арнайы ЦОН-ның бұрынғы басшысы және ЦОН басшысының орынбасары ұсталды. Мемлекетке келтірілген залал 315 млн теңгеден асты.
Фонд-бюро расследования коррупции