Алматы прокуратурасы автомобиль және теміржол тасымалы саласында жұмыс істейтін «Каскор-Транссервис» АҚ акцияларын мемлекет меншігіне қайтарды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы шетелдік мұнай компаниясы «AktauPetrol Ticaret AS» мемлекетпен бітімгершілік келісім жасасқан.
«Инвестор активтерді экспроприациялауға байланысты дауды реттеу шеңберінде мемлекетке ерікті түрде «Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясын беруге тиіс болды», - делінген хабарламада.
Осы шарттарға қарамастан, даулы акциялар үшінші тарап компаниясы — «Oil Stream» ЖШС иелігінде заңсыз болған.
Осыған байланысты прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Нәтижесінде апелляциялық саты прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы сот шешімін күшінде қалдыруды ұйғарды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында сот «Каскор-Транссервис» АҚ-ты магистральдық теміржол желісін мемлекет меншігіне беруге міндеттеген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции