Алматы қаласындағы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) департаментінің қызметкерлері үш шетел азаматын ұстады, олардың жалдамалы пәтерінде тінту кезінде алты SIM-boх құрылғысы табылып, алынды.
Анықтама үшін: SIM-boх - бұл көптеген SIM-карталарды сақтау және олармен жұмыс істеу үшін қолданылатын құрылғы. Ол бір уақытта 60 қоңырауға дейін қызмет көрсете алады, сондай-ақ сағатына 600 хабарламаға дейін жібере алады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМА қызметкерлері 5 мыңнан астам әртүрлі ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын алып қойған.
«Аталған тұлғаларға қатысты ҚК-нің 213-бабы 2-бөлігі бойынша «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды құру, пайдалану, тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді», - делінген хабарламада.
Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.Еске сала кетейік, ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері Өскемен қаласында алаяқтар желісін анықтады. Тергеу астында үш күдікті бар. Олардың тұрғылықты жері бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлері 22 SIM-boх құрылғысын тауып, алып қойды, онда ұялы байланыс операторларының 489 SIM-картасы орнатылған болған.
Фонд-бюро расследования коррупции