Skip to main content

Алаяқтықта ШҚО тұрғындары күдіктелуде

Submitted by Вера Александрова on

Алаяқтық туралы арызбен полицияға Өскемен тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, 2022 жылдың қараша айында ол пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген белгісіз адамдарға 5 млн теңге берген.

Polisia.kz мәліметінше, ақшаны алғаннан кейін қылмыскерлер байланысқа шықпай қойған. 

Іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілердің тағы 32 осындай қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Олардың әрекетінен келтірілген залал 140 млн теңгеден асқан. 

Анықталғандай, 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға көмектесуді ұсынып, әртүрлі ақша сомаларын жымқырып, жоғалып кеткен. 

«Қазіргі уақытта олар қамауда. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында хабарланғандай, Қарағандыда 2018 жылдың шілдесінде Ақтөбеде жүріп, астанада жылжымайтын мүлік сатып алу сылтауымен 100 млн теңгені иемденген ер адам ұсталды.

Сол кезде Астанада өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несиелеу бойынша тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңгені иемденген жергілікті тұрғын ұсталғаны белгілі болды.