Жетісу облысында «Алакөл мемлекеттік қорығы» РММ директоры Қанатбек Әбілқасымов, оның орынбасары Нұрлан Бейсенов және бөлім басшысы Рүстем Шалапанов сотталды.
Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Алакөл ауданының тұрғындарынан пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ауыл тұрғындары пара арқылы заңсыз шөп шабу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылудан қорғанғысы келген.
Сот Әбілқасымов пен Шалапановты кінәлі деп танып, әрқайсысына 10,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салды. Бейсенов 15,7 млн теңге төлеуге міндеттелді. Пара берушілер Бұлғұншинов пен Қанағатовқа сот тиісінше 6 млн теңге және 2,2 млн теңге айыппұл салды.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
Еске сала кетейік, қараша айында Қостанайда сот Басаман орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы Асғат Жақашевті мемлекет кірісіне 21,4 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Тергеу оның әрекеттерінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтірген және 32 мың га астам орман алқабы жойылған ауқымды өрт болғанын анықтады.
Сондай-ақ «Семей орманында» өрт ауданының тез ұлғаюының алдын алатын шаралар қабылдамағаны үшін, нәтижесінде орман резерватының 14 қызметкері қаза тапқан, «Қазавиалесқорғаудың» уақытша бас директор міндетін атқарушы Талғат Әлиев сотталды. Сот оны экология министрлігіне өрттен келтірілген залал сомасын – 161,5 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ ол 4,8 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс.
Фонд-бюро расследования коррупции