Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтаудағы ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысын пара алу күдігімен ұстады.
Informburo.kz деректеріне сәйкес, бұл ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі растады.
Болжам бойынша, мәселе басқарманың қазіргі басшысы Мұхит Джавғашев туралы болып отыр. Іс бойынша оның аты-жөні жарияланбайтын бағыныштысы да өтуде.
«Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы «Пара алу» бойынша жүргізілуде. ҰҚК-те тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции