Skip to main content

АФМ және облыстық әкімдіктер 65 млрд бюджет қаражатын үнемдеді

Submitted by Вера Александрова on

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) 61 ірі инфрақұрылымдық нысанның жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету жолдарын тапты.

«Облыстық әкімдіктермен бірлескен жұмыс нәтижесінде ЖСҚ түзетіліп, бюджет қаражатынан 65 млрд теңге үнемделді. Тағы 11 млрд теңгеге 12 нысан қаралу үстінде», – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Астанада магистральдық кәріз коллекторының құрылысын жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңге артық шығынының алдын алды. Нәтижесінде жобалау кезеңінде құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 

Ақтөбеде «Парасат» тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу» нысанын жобалау кезеңінде бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының ұтымсыз пайдаланылуының алдын алған болатын. 

Сонымен қатар хабарланғандай, жыл басынан сәуір айына дейін мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 12,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алды. Көбінесе жанар-жағармай материалдары (23%), кеңсе тауарлары (19%), азық-түлік өнімдері (6%) және үй-жай жалдау (6%) бойынша құнның асыра бағаланғаны анықталды.