Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның Қызылорда – Жезқазған жолының құрылысына Азия даму банкінен (АДБ) $300 млн қарыз алатынын айтты.
Informburo.kz деректеріне сәйкес, ол бұл мәмілені тиімді деп санайды.
«Бүгін біз Азия даму банкімен Қызылорда – Жезқазған трассасының құрылысы туралы келісімге қол қоямыз. АДБ Қазақстанға 300 млн доллар береді, шарттары өте тиімді. Оны 20 жылға, өте ұзақ мерзімге береді. Менің ойымша, бұл жақсы инвестиция, өйткені Қызылорда мен Жезқазған арасында ешқашан жол болмаған», – делінген хабарламада.
Министр АДБ қарызды 3-4% мөлшерлемемен беруді жоспарлап отырғанын қосты. Жол құрылысы жұмыстары келесі жылы басталады деп күтілуде.
Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда АДБ Қазақстан үкіметіне салық-бюджетті басқаруды және қаржы секторындағы реформаларды қолдау үшін $350 млн қарыз берген болатын.
Ал биылғы шілдеде қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы «KEGOC» АҚ АДБ-дан 58,2 млрд теңге көлемінде қарыз алу туралы келісімге келген еді.
Фонд-бюро расследования коррупции