Skip to main content

3,3 кг заңсыз алтынды Қазақстанға әкелуге тырысты

Submitted by Вера Александрова on

Алтын шамамен 170 млн теңге көлемінде Lexus маркалы автокөлік жүргізушісінен Қазақстан-Қырғызстан шекарасында табылды.

ORDA деректері бойынша, салмағы 3 кг-нан асатын алтын құймалары Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз әкетілмек болған.

«17 қыркүйекте «Кең-Бұлұң» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға бет алған Lexus тоқтатылды. Көліктен 3,3 кг алтын құймасы жасырылған жер табылды. Иесінің рұқсат құжаттары болмаған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның арнайы қызметтері келтірілген залалды есептеуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада үкім шығарылып, астаналық халықаралық әуежайдағы кеден бекеті басшысының орынбасары сотталған болатын. Ол декларацияланбаған медициналық дәрі-дәрмектер мен 57 млн теңге бағаланған алтын бұйымдарын әкелгені үшін сотталған әйелден пара алғаны үшін айыпталған.