Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелердің ауданы 30 мың гектарды құрайды.
«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында ЖШС-нің бірінің жайылымдық жер учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасына сәйкес мал басы жоқ екендігі анықталды», - делінген хабарламада.
Облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің (ЖРБК) департаменті ЖШС-ден жер учаскелерін алып қою туралы сотқа талап арыз берді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырды.
«ЖШС-нің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылып, жер учаскелері Қарғалы ауданының жер қорына енгізілді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек хабарлағандай, Тимур Құлыбаевпен байланысты компаниялар жер учаскелерін мемлекетке қайтармай, сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіріп жатыр.
Сонымен қатар белгілі болғандай, биыл Алматы облысының прокурорлары ауданы 12,5 мың га және құны 2,5 млрд теңге болатын 155 учаске пайдаланылмайтын жерді қайтарды.
Фонд-бюро расследования коррупции