Skip to main content

3 млрд жоғалтты «Safina kz» тұрғын үй кешенінің үлескерлері Ақтөбеде

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбеде 300-ден астам үлескерді алдаған. Құрылыс салушы аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды.

Informburo.kz деректері бойынша, Safina kz тұрғын үй кооперативінің төрағасы Кәрімов үлескерлерге «Safina kz» ТК және «СтройСервис-Регион» ТҚҚ 12-шағын ауданда және Батыс-2 ауданында төрт көппәтерлі тұрғын үй салып беретінін уәде еткен.

Ол 312 үлескерден 2,9 млрд теңге жинағаны хабарланады. Қаражаттың бір бөлігін уәде етілген үйлердің құрылысына жұмсаған, бірақ кейін құрылысты тоқтатып, зардап шеккендердің ақшасын заңсыз иемденген.    

Содан кейін оның сыбайласы – «АқтөбеҚазақФинанс» ЖШС директоры Жарасханов үлескерлерге осы нысандардағы құрылысты аяқтау жөніндегі барлық міндеттемені өз мойнына алатынын хабарлап, 140 үлескердің 227 млн теңгесін иемденген. Нәтижесінде үйлердің ешқайсысы салынбаған.

Сот Кәрімовке 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, Жарасханов 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Сотталғандар 10 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.