Skip to main content

24 тонна шаян тәрізділер Artemia salina СҚО полицейлері браконьерлерден тәркіледі

Submitted by Вера Александрова on

СҚО-да полицейлер браконьерлер аулаған рачка Artemia salina шикізатының рекордтық партиясын тәркіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен үйлестіре отырып, 6637 әскери бөлімінің «Б» тобының әскери қызметшілерімен бірлесіп, artemia salina рачогын рекордтық көлемде заңсыз аулаудың жолын кесті», - деп хабарлады Polisia.kz.
________________
Анықтама үшін: Artemia salina тек тұзды көлдерде, құрамында тұз деңгейі өте жоғары – литріне 10-нан 300 граммға дейін болатын суларда ғана кездеседі. Сондықтан оның планетада таралу аймағы шектеулі. Ол Сібірде, Оралда, Қазақстанда және АҚШ-та кездеседі. Кейбір деректер бойынша, рачоктардың биоматериалын Қытайдың косметологтары мен дәрігерлері бірегей құралдар мен препараттарды өндіру үшін пайдаланады. 

Белгілі болғандай, 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында полицейлер КамАЗ көлігін ұстады, оның шанағынан 260 қап рачок цистасы (жұмыртқасы) тәркіленді. Тағы 242 қап аудан орталығы Бескөлдегі қойма үй-жайынан алынды. 

Табиғи ресурсты заңсыз аулауға күдікпен 35 жастағы петропавлдық және 29 жастағы Тайынша ауданының тұрғыны ұсталды. Екі күдіктінің де бұрын бұзақылық және ұрлық үшін сотталғаны хабарланды. 

ҰҚҚБ қызметкерлері анықтағандай, рачоктарды Тайынша ауданындағы Кәлібек тұзды көлінде аулаған.

«Тәркіленген Artemia salina цисталарының жалпы салмағы 24 тоннаны құрады – бұл облыс аумағында бұрын-соңды тәркіленген ең ірі көлем. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, күдіктілерге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді», — деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында СҚО аумағында Artemia salina рачогын заңсыз аулауды ұйымдастырған бір топ адамның әрекетіне жол кесілген болатын. Полицейлер 15 тоннадан астам биоресурсты тәркілеген еді. Мемлекетке келтірілген болжамды залал 200 млн теңгені құрады.