Маңғыстау облысында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры ұрлық және алаяқтық үшін сотталды.
«Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Ол Өзбекстан азаматының 200 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Айыпталушы ақшаны жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу сылтауымен иеленгені хабарланады.
Нәтижесінде сот Қайранбаевқа 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкенттің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысы Әсет Шағдатты ұстаған болатын. Хабарланғандай, Шағдат және оның орынбасары Дария Ордабаева бизнесті дамытуға арналған тегін гранттарды беру үшін «қайтарым сыйақы» алды деген күдікке ілінген.
Фонд-бюро расследования коррупции