Skip to main content

168 млн сигарет заңсыз сатылған Қостанай облысында

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қостанай облысында темекі өнімдерін заңсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркеді. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген темекілер 168 млн теңгеден астам бағаланған. 

«Рейдтер барысында идентификациялау құралдары жоқ темекілердің ашық түрде сатылғаны анықталды, сондай-ақ Қостанай қаласы аумағында сақтау орындары табылды», - делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі тәркіленді. Заңсыз әрекетті жүзеге асырған 4 күдікті адамға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді.

«Сот бұл адамдарды кінәлі деп танып, оларға айыппұл және бас бостандығын шектеу түріндегі әртүрлі жазалар тағайындалды. Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады», - деп хабарлады ҚМА.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда 1,6 млн қораптан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары бар темекі тәркіленген еді, олар шамамен 967,5 млн теңгеге бағаланған. 

Сондай-ақ, ҚМА-ның Жамбыл облысы бойынша департаменті Қырғыз Республикасынан есепке алу-бақылау маркалары мен ілеспе құжаттары жоқ, құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі бұйымдарын әкелу әрекеті туралы қылмыстық істі тергегені хабарланған болатын.