Skip to main content

156 каспий теңіз иттері ғылыми зерттеулер үшін алынады

Submitted by Вера Александрова on

Үкімет Маңғыстау және Атырау облыстарындағы Каспий теңізіндегі Дурнев, Тюленьи және Ремонтные шалығы (Ақтоты) аралдарынан 156 бас каспий итбалығын алу туралы қаулыға қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, итбалықтарды белгілеп, ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін табиғи мекендейтін ортаға қайта жібереді.

«Сонымен қатар, Алматы облысы шегіндегі Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасынан арал қылшанының, Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзенінен арал қарабалығының, ШҚО және Абай облысы шегіндегі Ертіс өзені мен оның салаларынан тайменьнің, Павлодар облысы шегіндегі Ертіс өзенінен нельманың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін арнайы жасалған жағдайларда ғылыми мақсатта өсіру үшін алуға және кейіннен мекендейтін ортаға жіберуге рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ғылыми ұйымдар тиісті рұқсаттар алып, содан кейін балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін зерттеу және сақтау бойынша зерттеулерге кірісетіні хабарланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Каспий теңізінің жағалауында итбалықтардың өлекселері мезгіл-мезгіл табылып тұрады. Биылғы жылы өлген жануарлар туралы алғашқы хабарламалар 29 наурызда пайда болды. Сонда Маңғыстау облысы балық инспекциясы қызметкерлері мониторинг барысында Түпқараған ауданында 62 өлі итбалықтың денесін анықтады. 

25 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері 12 итбалықтың өлексесін тапты.

Кейін Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасы 2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында Каспий теңізінің жағалауында 182 өлі итбалықтың денесі табылғанын хабарлады.