АФМ Семейдегі жерасты алкоголь цехының жұмысын тоқтатты
Семейде Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Абай облысы бойынша департаменті лицензиясыз алкоголь өндіретін жерасты цехының жұмысын тоқтатты. Тергеу нұсқасы бойынша, жергілікті тұрғын жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып өнім өндіруді ұйымдастырған. Тінту кезінде 12 мыңнан астам бөтелке, шикізат және жабдықтар алынды. Сот мүлікке тыйым салды, күдіктіге бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.
Фонд-бюро расследования коррупции