ШҚО-дағы «ҚАЖсервис» филиалының бұрынғы директоры өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды
Шығыс Қазақстан облыстық сотының (ШҚО) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «ҚАЖсервис» ЖШС бұрынғы директоры Еркін Даумовтың ісін қайта қарады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салды.
Фонд-бюро расследования коррупции