Әлеуметтік желілерде атақты адамдардың дипфейктерін пайдаланып, аса жоғары табыс уәде ететін инвестициялық платформалардың жалған жарнамасы таратылуда. Зардап шеккендердің бірі — Талдықорған тұрғыны, ол жарнамадан кейін үшінші тұлғаларға 7 млн теңгеден астам аударған.
СХЕМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, қылмыскерлер азаматтарға жоғары пассивті табыс уәде етіп, жоқ инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынады. Әлеуетті зардап шеккендерді тарту үшін TikTok, Instagram, YouTube және басқа да интернет-платформалар пайдаланылады.
Әлеуметтік желілерде атақты адамдармен дипфейк-видеолар және жалған ЖИ-платформалар жасалады. Мысалдардың қатарында — Илон Маскпен Quantum AI, Михаил Ломтадземен Kaspi AI, Павел Дуровпен TON, сондай-ақ танымал тележүргізушілердің бейнелерін пайдаланып ҚазМұнайГазға және «Газпромға» инвестиция салу туралы ұсыныстар бар.
ТАЛДЫҚОРҒАНДА НЕ БОЛДЫ
Қыркүйекте Талдықорған тұрғыны аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша арызбен жүгінді. Бұған дейін ол Instagram-да трейдингтен — акцияларды сатып алу және сатудан аса пайда алуды ұсынатын жарнаманы көрген.
Сілтемеге өткеннен кейін әйел өзінің сауалнамалық және байланыс деректерін қалдырды. Кейінірек онымен бейтаныс адамдар хабарласып, ақша аудару жөнінде нұсқаулық берді. Оларды орындай отырып, ол үшінші тұлғалардың шоттарына 7 млн теңгеден астам аударды.
АҚША ҚАЛАЙ КӨРСЕТІЛДІ
Аударылған қаражат және якобы есептелген дивидендтер жалған әмиянда көрсетілді. Алайда әйел ақшаны қолма-қол ала алмады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚАНША ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, соңғы бір жарым айдың ішінде ғана ел бойынша осындай 119 факт тіркелді.
Ведомство азаматтарды сақ болуға, кепілдендірілген жоғары кірістілік туралы ұсыныстарға сенбеуге және ақша салу алдында компания мен инвестициялық жоба туралы ақпаратты өз бетінше тексеруге шақырды.
Күдікті хабарламалар немесе қоңыраулар кезінде прокуратура бейтаныс адамдармен қарым-қатынасты тоқтатуды және банк карталарының деректерін, SMS-тен келген кодтарды және ақша қаражатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді бермеуді ұсынады.
Фонд-бюро расследования коррупции