Республикалық дерматология ғылыми орталығының басшысы өз орынбасарымен бірге сыбайлас жемқорлыққа күдіктелуде.
«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, мәселе 5 млн теңге көлеміндегі параны Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының басшысынан алуға қатысты болып отыр. Пара медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетуге келісімшарт жасасу үшін берілген.
Сот санкциясымен Орталық басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Фонд-бюро расследования коррупции